• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-02/405

381 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 30 сәуір,  Астана қаласы Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-24) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Инвестициялар және даму Ұлттық экономика министрі _____________ А. Сәрінжіпов министрі________ Ә. Исекешев _____________ Е. Досаев 2015 жылғы 13 шілде 2015 жылғы 11 маусым 2015 жылғы 1 шілде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №18-02/405 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттiк орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының 18-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану тәртібін жүзеге асырады (марал өсіру, аң өсіру, ара ұялары мен омарталар орналастыру, көкөніс өсіру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер, мүк, орман төсеніші және жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау). 2. Кодекстің 42-бабы 3-тармағына сәйкес рұқсат беретін құжаттары жоқ жеке тұлғалар облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органның ұсынымы бойынша облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органның шешімімен бекітілген нормалар шегінде өздерінің қажеттілігі үшін жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрілік шикізат және өзге де жанама орман ресурстарын жинауды жүзеге асырады. 3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды. Жанама орман пайдалану орманды бүлдірмей, орман ресурстарын молықтыруға нұқсан келтірмей жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік орман қоры аумағында жанама пайдалануды жүзеге асыру тәртібі 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларының 2-тармағының 4)-тармақшасын сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде келесі жанама орман пайдаланудың түрлері жүргізіледі: 1) марал өсіру, аң өсіру; 2) ара ұялары мен омарталар орналастыру; 3) көкөніс өсіру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру; 4) дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер, мүк, орман төсеніші және жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау; 5) шөп шабу мен мал жаю. Шөп шабу мен мал жаю мемлекеттік орман қорының аумағында Кодекстің 99-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік орман қоры аумағында жанама орман пайдалану жанама орман пайдаланудың бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше орман пайдаланушыға беріледі. 6. Орман ресурстары екі санатқа бөлініп, қысқа мерзімді және ұзақ мерзiмдi пайдалануға беріледі: 1) қысқа мерзімді пайдалану Кодекстің 34-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік орман иеленуші беретін орман билетінің негізінде бір жылға дейінгі мерзімге беріледі; 2) ұзақ мерзiмдi пайдалану Кодекстің 35-бабына сәйкес бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес тендер хаттамасының негізінде, кейіннен мемлекеттік орман иеленуші және орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қаражаты мен өндірістік қуаттары және тиісті мамандық иелері бар орман пайдаланушының арасында 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге шарт ресімдей отырып беріледі. 7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды жанама пайдалану құқығы Кодекістің 39-40 және 41-баптарына сәйкес белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрады, шектеледі және тоқтатылады. 3. Марал өсіру және аң өсіруді жүзеге асыру тәртібі 8. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде марал өсіруді немесе аң өсіруді жүзеге асыру мәселені қарау үшін өтініш беруші (ықтимал орман пайдаланушы) мемлекеттік орман иеленушіге қажетті техникалық-экономикалық негіздемелерді, есеп-қисаптарды, сызбаларды, бизнес-жоспарды қамтитын марал өсіру фермасын немесе аң фермасын ұйымдастыру жобасын ұсынады. 9. Қысқа мерзiмдi пайдалану кезінде өтініш жасалып отырған орман пайдалану түрін беру туралы мемлекеттік орман иеленушінің шешімі орман билетін беру түрінде ресімделеді. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi ұзақ мерзiмдi пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi, ал мемлекеттік орман иеленушінің шешімі орман билетін беру түрінде ресімделеді. 10. Мемлекеттік орман иеленуші ықтимал орман пайдаланушы ұсынған материалдарды қарап, күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш жасалып отырған орман пайдалану түрін беру немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды. 11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10676 болып тіркелген) Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын сәйкес өтініш жасалып отырған орман пайдалану түрін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік орман иеленуші үш жұмыс күні ішінде орман пайдаланушыға орман билетін тапсырады және мемлекеттік орман қорының тиісті учаскелерін береді. Марал өсіру фермаларын немесе аң фермаларын ұйымдастыру үшін орманды алқаптар да, ормансыз алқаптар бөлінеді. Орман пайдаланушының жобасына сәйкес оған берілетін учаскелердің құрамына ферманың жұмыс істеуі үшін қажет шабындық, жайылымдық алқаптар енеді. Берілген учаскелерде бағылатын маралдардың саны орман экожүйесіне түсетін ғылыми негізделген жүктелім нормаларынан асырылмайды. 12. Орман пайдаланушылар берілген учаскелерде уақытша (қалқалар, күзет үйшіктері, қоршаулар, қашалар, шарбақтар) және тұрақты (зооветзертханаларға және персоналды орналастыруға арналған үй-жайлар, аң фермасының жемшөбін сақтайтын тоңазытқыштар, маралдарды қолда бағып ұстайтын қора-жайлар) құрылыстар салады. Аталған құрылыстардың мөлшерлері, оларды орналастыру, бағып-ұстау жағдайлары шартта және орман билетінде көрсетіледі. 13. Орман пайдаланушылар Кодекстің 38-бабына сәйкес ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетiмен, орман билетiмен белгiленген талаптарды сақтайды. 4. Ара ұялары мен омарталар орналастыру тәртібі 14. Ара ұялары мен омарталар орналастыруға арналған учаскелер орман шеттерінен, алаңқайлардан және орман көмкермеген басқа да алқаптардан ағаш кесу, орман алаңдарын тазарту, жырту және оларда жылжымалы омарталар үшін тұрақты үлгідегі құрылыстар тұрғызу құқығынсыз беріледі. Тұрақты омарталар орналастыруға арналған учаскелер ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушыларға арнайы бекітіп берілген учаскелерден беріледі. 15. Орман пайдаланушылар ара ұяларын орнатады және уақытша құрылыстар - күзет үйшіктерін, ара ұяларын, бал жинау құрал-жабдықтарын, өнімдерін сақтайтын қоймалар салады, уақытша қара жолдар тартады. Аталған құрылыстардың шекті мөлшері, түрі және сипаты, оларды құлату (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын жолдардың бағыты, ұзындығы және мөлшері орман билетінде айқындалады. 16. Орман пайдаланушыға ара ұялары мен омарталар орналастыру үшін берілген учаске мемлекеттік қажеттіліктер немесе мемлекеттік орман қорының санатын өзгерту үшін алып қойылған жағдайда осы учаскені пайдалану оны пайдалану мерзіміне қарамастан тоқтатылады, бірақ орман пайдаланушыға бұл жайында кемінде бір ай бұрын ескерту жасалуы қажет. Орман пайдаланушының өтініші бойынша оған бұл учаскенің орнына бал жинау маусымы аяқталғанға дейін ара ұялары мен омарталар орналастыруға жарамды басқа бос учаске беріледі. 5. Көкөніс өсіруді, бау-бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді жүзеге асыру тәртібі 17. Көкөніс, бау-бақша өсіру және өзге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге арналған учаскелер (дәрілік өсімдіктерді, жеміс-жидек дақылдарын плантацияда өсіруді қоса алғанда) мемлекеттік орман қорының ормансыз алқаптарынан беріледі. Бөлінген учаскелерде өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты түрлері мен алаңдары орман билетінде көрсетіледі. Көрсетілген учаскелер мемлекеттік орман қорының санаты өзгерген жағдайда орман пайдаланушы осы учаскелерде өсіріп жатқан ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинап алуды аяқтағанша алынып қойылмайды. Плантациялық дақылдар егілген учаскелер алып қойылған жағдайда орман иеленуші орман пайдаланушымен келісім бойынша құны бірдей басқа учаске береді және бұл дақылдарды ыңғайлы мерзімде осы учаскеге көшіруге (қайта отырғызуға) көмек көрсетеді. 18. Осы дақылдарды өсіру кезінде пайдаланылатын жерлер мен қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер етпейтін агротехника қолданылады. Гербицидтер мен қажет емес өсімдіктермен күресуге арналған өзге химиялық заттарды пайдалану «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысымен бекітілген «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес жүзеге асырылады. 19. Көкөніс өсіруді, бау-бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде орман пайдаланушылар суару үшін су ресурстарды пайдалануға 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінің 95-бабының 6-тармағына сәйкес жүзеге асырады. 20. Орман пайдаланушылар берілген учаскелерде уақытша құрылыстар – күзет үйшіктерін, құрал-жабдықтар, тыңайтқыштар, өсірілген өнімді сақтайтын қалқалар, су тарту құрылыстарын салады, уақытша қара жолдар тартады. Бұл құрылыстардың мөлшері, түрі және мақсаты, оларды құлату (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын су жүйелері мен жолдардың бағыты, ұзындығы және мөлшері орман билетінде айқындалады. 6. Дәрілік өсімдіктерді, техникалық шикізатты дайындау мен жинауды жүзеге асыру тәртібі 21. Орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қоры аумағында дәрілік (жапырақтар, гүлдер, жемістер, бүршіктер, тамырлар, шөптердің және бұталардың кейбір түрлерінің түйнектері, қалемшелері) және техникалық шикізат дайындауды жүзеге асырады. 22. Дәрілік және техникалық шикізат дайындау (жинау) өсімдіктердің дер кезінде қалпына келуін және олардың қорларының молығып отыруын қамтамасыз ететін көлемдерде жүргізіледі. 23. Дәрілік және техникалық шикізатты кәсіпшілік мақсатта дайындау (жинау) осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген учаскелерде жүзеге асырылады. 24. Дербес тұтыну үшін дәрілік алуан түрлі шөптер дайындау да (жинау) арнайы бөлінген учаскелерде жүзеге асырылады, бұл ретте орман билетінде дайындау шекарасы (орманшылық, шатқал, орам, телім) көрсетіледі. 7. Жабайы жемістер, жидектер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар мен басқа да азықтық өнімдер дайындау мен жинауды жүзеге асыру тәртібі 25. Мемлекеттік орман қоры аумағында жабайы жемістер, жидектер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар және басқа да азықтық өнімдер өндіріледі. 26. Балқарағай мен грек жаңғағы екпелерінде жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары мен учаскелері бөлінеді, олар пайдаланушы заңды тұлғаларға ұзақ немесе қысқа мерзімді орман пайдалану негізінде жаңғақ дайындау және жанама орман пайдаланудың басқа да түрлері үшін бекітіліп беріледі. 27. Жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер дайындау ормандағы жеміс, жаңғақ, жидек өсімдіктері мен саңырауқұлақ алаңқайларына зиян келтірмейтін тәсілдермен қатаң белгіленген мерзімде ағаштар мен бұталарды кеспей жүргізілуге тиіс. 28. Жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер дайындау үшін берілген учаскелерде орман пайдаланушылар уақытша құрылыстар - қалқалар, қоймалар, күзет үйшіктерін, жемістер, жаңғақтар, жидектер мен саңырауқұлақтар, азықтық өнімдер өңдеуге арналған қондырғылар, кептіргіштер салады, сондай-ақ бар орман жолдарын пайдаланады. Құрылыстардың, сондай-ақ пайдаланылатын қондырғылардың мөлшері, түрі және мақсаты орман билетінде көрсетіледі. 8. Мүк, орман төсенішін және жерге түскен жапырақтарды, қамыс дайындауды жүзеге асыру тәртібі 29. Мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтарды, қамыс дайындау оларды құрылыста, жемшөп өндірісінде, мал тұратын қора-жайларда пайдалану үшін, көң дайындау үшін және басқа мақсаттарда жүзеге асырылады. 30. Аталған өсімдік шикізатын дайындау қоршаған ортаға зиян келтірмей, орман биоценоздарының тұтастығын сақтауды қамтамасыз ететін тәсілдермен, осы ресурстарды ықтимал алудың ғылыми негізделген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 13 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11882 болып енгізілді.